Сайтты пайдаланудың шарттары


Nokia сайтының беттеріне кіруге мүмкіндік ала отырып, сіз келесідей шарттарға келісіміңізді бере аласыз. Егер төменде көрсетілген шарттармен келіспесеңіз, аталған сайтты пайдалануға құқығыңыз жоқ.


Nokia сайты беттерінің мазмұны Nokia корпорациясының авторлық құқығымен 2002 жылы қорғалған. Бұл жағдайларда берілмеген кез келген құқықтар Nokia-мен сақталады. Сайттың барлық мазмұнын не оның белгілі бір бөлігін кез келген түрде ұдайы өндіруге, беруге, таратуға немесе сақтауға Nokia-ның алдын ала жазбаша келісімінсіз тек келесідей шарттарға сәйкес болғанда рұқсат етіледі. Сіздің компьютеріңізде Nokia өз сайтын қарауға немесе сайт беттеріндегі үзінділерді Nokia басқалай пайдалануға жазбаша келісімін берген жағдайларды қоспағанда, қайта таратуға емес, тек жеке өзіңіз пайдалануыңыз үшін алуыңызға келісім береді. Сайт бетіндегі белгілі бір материалдар үшін мұндай құжаттарда көрсетілген қосымша шарттар жүргізіледі.


Аталған сайтты және онда тіркелген материалдарды тек жеке, коммерциялық емес мақсаттарда пайдалануға ғана рұқсат етіледі. Баспасөз релиздерін және басқа да көпшілікке арналған материалдар санатына жатқызылған құжаттарды пайдалануға ақпарат көзіне сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.


Аталған сайт және оның мазмұны сізге ыңғайлылық үшін ұсынылады. Nokia сайтының мазмұны «сол күйінде» және «қолда бар көлемде» ұсынылады. Nokia ғаламтордағы өз сайтын пайдаланудың үздіксіздігіне немесе қатесіздігіне кепілдік бере алмайды. Nokia-ның кез келген уақытта сайтта беттерді түзетуге және кіруге мүмкіндікті тоқтатуға құқығы бар. Аталған беттердің бар екендігі, туралығы, сенімділігі немесе мазмұнына қатысты шектеусіз, меншік құқығы кепілдіктері, бұзылмаушылық кепілдігі, сату үшін білдірілген жарамдылық кепілдігі не нақты мақсат үшін жарамдылық кепілдігін қоса, ешбір айқын немесе білдірілген кепілдіктер берілмейді. Nokia тіпті шығындар жөнінде хабардар болғанның өзінде тікелей, жанама, жалғаспалы немесе қорытындылайтын шығындар немесе ерекше жағдайлардың салдарынан пайда болған шығындар үшін, жіберіп алған пайда немесе аталған қызметті пайдалануға немесе бұл қызметті пайдалануға қабілетсіздігіне байланысты қызметтегі үзіліс үшін жауап бермейді. Кейбір сот жүргізу құқығында белгілі бір кепілдіктер немесе шектеулі жауапкершіліктерді шығаруға рұқсат етілмейді, сондықтан жоғарыда көрсетілген шектеулер мен шығарулар сізге қолданылмауы мүмкін. Мұндай жағдайда Nokia жауапкершілігі қолданыстағы заңдармен рұқсат етілген деңгейде барынша шектеледі.


Сізге ыңғайлы болу үшін Nokia сайты үшінші тұлғаларға тиесілі немесе үшінші тұлғалармен қадағаланатын веб-сайттарға сілтемелер құрауы мүмкін. Сілтеме арқылы осындай сайттарға тап бола отырып, сіз бұл сайттарды пайдалану ережелерін оқуыңыз және сайтты пайдалануға дейін оларды ескеруге келісуіңіз қажет. Сондай-ақ сіз Nokia-ның мұндай сайттың мазмұнына бақылау жасай алмайтындығымен және онда жарияланған қандайда бір материал үшін жауап бермейтіндігімен де келісуіңіз қажет болады. Сол секілді, Nokia-ға тиісті емес кез келген сайтқа сілтеме Nokia-ның бұл сайтты не ондағы өнім не қызметтерді мақұлдауын білдірмейді.


Біздің кез келген серверімізге электронды пошта не Nokia сайтының беті арқылы материал жолдай отырып, сіз (а) мұндай материал заңсыз болып табылған немесе басқа да себептермен жариялау үшін жарамсыз боп саналатын кез келген нысанды құрамайтындығымен келісесіз; (б) кез келген материалды берер алдында сіз онда вирустарды тексеріп, вирустарды, сондай-ақ кез келген ластайтын және бұзатын элементтерді жою үшін барынша әрекет етесіз; (в) сіз аталмыш материалдың иесі болып табыласыз немесе оны бізге беру үшін шектеусіз құқығыңыз болуы қажет, және Nokia мұндай материалды тегін жариялайды және (немесе) оны не онда сипатталған кез келген тұжырымдаманы өз өніміне қосады, мұнымен қоса, ол ешқандай жауапкершілік не міндеттеме көтермейді; (г) сондай-ақ, сіздің Nokia-ға қатысты бізге ұсынған материалыңызбен байланысты ешқандай соттық талап-арыз бермеуге келісуіңіз қажет, және өзіңіздің Nokia-ға ұсынған материалыңызға қатысты үшінші тараптар арызданған жағдайда Nokia-ны жауапкершіліктен босатасыз.


Nokia оның сайтына пайдаланушылар жолдаған материалдарды қарай алмайды және олар үшін жауап бермейді. Сондай-ақ, Nokia кез келген уақытта пайдаланушылар жіберген материалдарды өз қалауы бойынша өшіре алады.


«Қауіпсіз» сөзі өнімнің/қондырғының қалай жұмыс істейтінін сипаттау мақсатында қолданылады және өнім/қондырғы мүлдем қапуіпсіз және кез келген сыртқы әрекеттерге төзімді екендігін түсінгенше, қондырғыны сатып алған тұлғаларға немесе соңғы пайдаланушыларға берілетін кепілдіктерді түсіндіруді кеңейтуді тіпті де ұйғармайды.


Nokia корпорациясының тіркелген тауарлық белгісі болып табылады. Nokia өнімдерінің аталымы не тауарлық белгі не Nokia-ның тіркелген тауарлық белгісі болып табылады. Осы жағдайларда аталған компаниялардың басқа өнімдері мен атаулары олардың тиісті иелерінің тауарлық белгісі немесе тауарлық атаулары болуы мүмкін. Бұл сайтқа кіруіңіз Nokia-ның немесе белгілердің иесі болып табылатын кез келген үшінші тұлға алдын ала жазбаша келісімінсіз сайтта көрсетілген кез келген белгіге лицензиялар не құқықтар беру боп қарастырылмауы қажет.