10.05.2011

Біз сіздердің жеке деректеріңіздің құпиялылығы мен қауіпсіздігін қорғаймыз. Біз сіздің келісіміңізсіз осы деректерді үшінші тұлғаларға сатпаймыз және жалға бермейміз, біз, сонымен қатар, оларды осы деректерді жинау уақытында көрсетілгендерден басқа ешқандай өзге мақсаттарда пайдаланбаймыз.
БІЗ СІЗДІҢ ЖЕКЕ ӨМІРІҢІЗДІ ҚОРҒАУ БОЙЫНША ҚАМҚОРЛЫҚ КӨРСЕТЕМІЗ.
Біз қандай деректер жинаймыз?
Неге біз дербес деректерді жинаймыз?
Nokia құрылғысын алғаш рет пайдалану
Біз дербес деректерді береміз бе?
Біз балалар туралы деректерді жинауға қалай қараймыз?
Біз деректер сапасына қалай қараймыз?
Біз дербес деректерді қорғау үшін қандай шаралар қабылдаймыз?
Біз Cookies пен веб-маяктарды қалай пайдаланамыз?
Сіздің қандай құқықтарыңыз бар?
Кім сіздің дербес деректеріңіздің әкімгері болып табылады?
Аталмыш Құпиялылық саясатының өзгертулері
Күшіне енетін күні 23.11.2010
Nokia сіздің жеке өміріңіздің қорғанысын қамтамасыз етуге және деректерді қорғау және жеке өмір саласындағы қолданыстағы заңнаманы сақтауға тырысады. Осы Құпиялылық саясаты (бұдан әрі «Саясат») біздің дербес деректерді қалай өңдейтінімізді түсіндіреді. Осы құжаттың күллі мәтіні бойынша «дербес деректер» термині сәйкестендірілген немесе сәйкестендірілетін адамға (яғни, жеке тұлғаға) қатысты ақпаратты білдіреді. «Nokia» (сонымен қатар, «біз», «бізге», «біздің» және т.б. сөздер) Nokia Корпорациясын, сонымен қатар, оның аффилирленген компанияларын білдіреді. Осы Саясат Nokia дербес деректердің әкімгері болған жағдайда немесе біз осы Саясатты қолдануға сілтеме жасаған уақытта сіздің дербес деректеріңізді өңдеу кезінде қолданылады.
Біз қызметтік сипаттамалар немесе басқа да хабарлаулар арқылы біздің өнімімізбен және қызметтерімізбен байланысты жеке өмірді қорғау туралы қосымша ақпарат ұсына аламыз. Кез келген даулар шегінде мұндай ақпарат аталмыш Саясат алдында артықшылық күшіне ие.
Сіздің құрылғыңызға орнатылған үшінші тұлғалар сервистері, сіздің құрылғыңыздағы ақпаратқа қатынау мүмкіндігін ұсына алады. Біздің өніміміз немесе қызметтерімізде өзіндік құпиялылық саясаты бар интернет-сайттарға және өзге компаниялар сервистеріне сілтемелер болуы ықтимал. Біз сіздерге осындай жақтас сервистерге қатысты қолданылатын құпиялылық саясатты оқып шығуды ұсынамыз. Nokia жеке өмірді қорғау практикасы үшін немесе үшінші тұлғалардың осындай кез-келген сервистерінің мазмұны үшін жауапкершілік жүктемейді.
Осы интернет-сайтты пайдалана отырып және/немесе Nokia-ға дербес деректерді ұсына отырып, сіз осы Саясатпен қарастырылған тәртіппен өзіңіздің дербес деректеріңіздің өңделуіне келісім бересіз. Егер сіз осы Саясатпен келіспесеңіз, сізден осы интернет-сайтты пайдаланбауыңызды және Nokia –ға өзіңіздің дербес деректеріңізді ұсынбауыңызды сұраймыз.
Ереже бойынша, сіз зат сатып алғанда, біздің өнімімізді және қызметтерімізді пайдаланғанда немесе оларды пайдалану үшін тіркелгенде, науқанға қатыссаңыз немесе бізбен басқа да жолдармен әрекет еткенде біз сіздердің дербес деректеріңізді жинаймыз. Төменде біз жинайтын деректер жататын категориялар мысалдары келтіріледі.
Сіздің біздің өнімімізді және сервистерімізді пайдалануыңыз. Сіз біздің өнімімізді немесе сервистерімізді пайдаланған уақытта сіздің ІР-мекен-жайыңыз, қатынау уақытыңыз, сіз келген интернет-сайт, сіз кірген беттер, сіз пайдаланған сілтемелер, сіз көрген контакт туралы ақпарат, сонымен қатар, сіздің браузеріңіз ұсынатын басқа да ақпаратты Nokia автоматты түрде жинайды. Біздің ұялы сервистеріміздің кейбіреулері сіздің ұялы құрылғыңыздың бірегей сәйкестендіргіштерін, абонентті сәйкестендіретін ақпаратты, желі қызметтерін жеткізушінің ерекше сәйкестендіргіштерін, желі баптамалары мен басқа да осыған ұқсас ақпаратты анықтай алады. Сіз біздің өнімімізді немесе қызметтерімізді пайдаланған уақытта немесе бізбен телекоммуникациялық желілер арқылы басқа тәсілдермен өзара әрекет еткен уақытта, сіздің ұялы байланысыңызды жабдықтаушы бізге белгілі бір қосымша ақпаратты бере алады, мысалы, сіздің ұялы телефоныңыздың абоненттік нөмірі.
Сіз бізге ұсынатын ақпарат.Біз сізден сіздің есіміңіз, электронды поштаңыздың мекен-жайы, пошталық мекен-жайыңыз, сонымен қатар, пайдаланушылар есімдері, парольдер, сіздің шарттармен келіскендігіңіз туралы ақпарат, қалайтын қондырғылар және пікірлер, құрылғылар, жасыңыз, жынысыңыз, пошталық индексіңіз және тілді таңдау сияқты ақпарат ұсынуыңызды сұрай аламыз. Сізден алынған, нақты тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік бермейтін кейбір мәліметтер, сіз өзіңіздің дербес деректеріңізді ұсынғаннан кейін осындай сәйкестендіру үшін жарамды болуы ықтимал екендігіне назар аударыңыз. Сонымен қоса, біз, қолданылатын заңнамамен сәйкес, тарату тізімдерін жалға алу бойынша компаниялардан және осыған ұқсас басқа да жалпыға ортақ көздерден белгілі дербес деректерді ала аламыз. Біздің қызметтеріміздің кейбіреулері сіздерге басқа адамдар туралы ақпарат ұсынуға мүмкіндік беруі ықтимал, мысалы, егер сіз өнімге тапсырыс беріп, оның тікелей басқа алушыға жеткізілгендігін қаласаңыз.
Сіздің бізбен транзакцияларыңыз.Біз сіздің біздің өнімді немесе қызметті сатып алу және пайдалануыңызға, сонымен қатар, бізбен басқа да өзара әрекет етуіңізге қатысты ақпаратты жинаймыз. Мұндай ақпаратқа сіз жіберген сұраулар немесе үндеулер, ұсынылған өнімдер мен қызметтер туралы мәліметтер, жеткізу туралы мәліметтер, банктік шоттың нөмірі, несие карточкасы туралы деректер, шоттарды қоюға арналған мекен-жай, несиені төлеу қабілеттілігін тексеру нәтижелері және басқа да осыған ұқсас қаржылық мәліметтер, сіз бен Nokia арасындағы келісімдер туралы толық ақпарат, байланыстар мен хабарлар туралы мәліметтер, сіз ұсынған контент туралы толық мәліметтер мен транзакциялар бойынша басқа да толық ақпарат кіруі ықтимал. Қолданыстағы заңнамамен сәйкес, біз сіздің біздің клиенттерді қолдау орталығымызбен немесе басқа да осыған ұқсас қызметтермен сөйлесулеріңізді жаза аламыз.
Орналасқан орны туралы деректер.Орналасқан орынға негізделген сервистер мен қызметтер, серіктің, сымсыз желінің (Wi-Fi) деректерін немесе желі арқылы анықталып отырған орналасқан орын туралы басқа да ақпаратты пайдалана алады, мысалы, сіздің IP-мекен-жайыңыз. Желі инфрақұрылымын қолдайтын ұялы құрылғыны позициялау әдістері, мысалы, А-GPS, сізге қысқа мерзімдерде орналасқан орны туралы нақты деректерді ұсынады. Позициялаудың осындай әдістерін пайдалану кезінде сымсыз желі сәйкестендіргіштері, сонымен қатар, сіздің құрылғыңыздың бірегей сәйкестендіргіштері немесе желі қызметтерін ұсынушының орналасқан орны серверімен сіздің орналасқан орныңыз туралы деректермен алмасуы орын алуы ықтимал. Nokia аталмыш ақпаратты анонимді тәртіппен өңдейді. Сіздің позициялау баптауларыңызға және қызметтердің басқа жабдықтаушыларының орналасқан орнын анықтау бойынша сервистерді сіздің пайдалануыңызға тәуелді сіздің құрылғыңыз Nokia бақыламайтын және пайдаланбайтын қызметтердің басқа жабдықтаушыларының серверлеріне қосыла алады. Біз сізге сіздің орналасқан орныңыз туралы деректерді олардың қалай өңдейтінін түсіну үшін қызметтердің осындай жабдықтаушыларының құпиялылық саясатын тексеруді ұсынамыз. Сіз өзіңіздің құрылғыңыздың позициялау баптамаларын оның баптауларында өзгерте аласыз, мысалы, позициялау әдістерін немесе орналасқан орын серверлерін өзгерту немесе сөндіру, немесе сіздің орналасқан орныңыз туралы деректердің нақтылық дәрежесін өзгерту.
Nokia орналасқан орынды анықтауға негізделген әр түрлі қызметтер ұсынады, олар үшін сіздің орналасқан орныңыз туралы деректерді пайдалану қажет етілуі ықтимал. Мысалы, сіз орналасқан орны бойынша іздеуді жүзеге асырған уақытта, географиялық орналасу негізінде ауа райы болжамының кеңейтілген қызметін пайдаланасыз немесе картографиялық деректерді сұрайсыз, сіздің орналасқан орныңыз туралы ақпарат сізге сәйкес келетін контентті ұсыну мақсатында Nokia-ға бағытталған болуы ықтимал. Бұл, сонымен қатар, орналасқан орынға негізделген жарнамада да пайдаланыла алады. Орналасқан орын туралы деректерге негізделген кейбір сервистер, сізге дербес деректерді сіздің орналасқан орныңызбен ара қатынасын белгілеуге мүмкіндік береді. Орналасқан орын туралы деректер негізіндегі қатынауға болатын сервистер мен қызметтер туралы толық ақпаратты сіз біздің өніміміз бен қызметтерімізге нұсқаулықтар мен қосымша материалдардан таба аласыз.
Nokia сіздің дербес деректеріңізді өңдеуді келесі мақсаттар үшін жүзеге асырады. Назар аударыңыз, әрбір жағдайда біруақытта бір немесе бірнеше мақсаттар болуы мүмкін.
Өнім мен қызметтер ұсыну.Біз сіздің дербес деректеріңізді сізге біздің өніміміз бен қызметтерімізді ұсыну үшін, сіздің тапсырысыңызды өңдеу үшін немесе сіз бен Nokia арасындағы келісім-шартты орындау үшін, біздің өніміміз бен қызметтеріміздің қызметтілігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, сіздің тұлғаңызды сәйкестендіу үшін, сонымен қатар, алаяқтық және басқа да қиянаттық жағдайларының алдын-алу және тергеу үшін талап етілуі ықтимал басқа да әрекеттер үшін пайдалана аламыз.
Өнімдер мен қызметтер әзірлеу. Біз біздің өнімдеріміз бен қызметтерімізді әзірлеу кезінде сіздің дербес деректеріңізді пайдалана аламыз. Бірақ осыған қарамастан, көптеген жағдайларда осы мақсаттар үшін біз тек қана жиынтық және статистикалық ақпаратты пайдаланамыз. Біз сіздің белгілі бір Nokia өнімін немесе қызметін пайдалануыңызбен байланысты жиналған дербес деректерді бізде бар сіздің басқа да дербес деректеріңізбен үйлестіре отырып қарай аламыз, осындай дербес деректер басқа мақсат үшін алынған жағдайларды қоспағанда.
Сізбен байланыс. Біз сізбен байланыс орнату үшін сіздің дербес деректеріңізді пайдалана аламыз, мысалы, сізге маңызды хабарламаларды немесе біздің өніміміз және/немесе қызметтеріміз туралы осыған ұқсас басқа да хабарларды жіберу үшін, немесе клиенттерге қызмет көрсету сұрақтары бойынша сізбен байланысу үшін.
Маркетинг және ұсыныстар.Біз сіздің дербес деректеріңізді жекеленген ұсыныстар дайындау және сіз үшін сәйкес келетін қызметтерді ұсыну үшін пайдалана аламыз, мысалы, ұсыныстар беру үшін немесе біздің сервистерде жекеленген контент және жарнама шығару үшін. Бұл Nokia контенті мен үшінші тұлғалардың көрінуін қоса алады. Біз сіздің дербес деректеріңізді тікелей маркетингтік немесе зертттеу мақсаттарында пайдалана аламыз, мысалы, нарық зерттеулерін өткізу үшін, және, қолданыстағы заңнамамен сәйкес, сізге біз ұсынатын жаңа өнімдер, қызметтер немесе жарнамалық акциялар туралы ақпаратпен хабарласа аламыз.
Сіздің құрылғыңызға байланысты оны алғаш рет пайдалану кезінде сіз үшін Nokia (NokiaAccount) есепке алу жазбасы жасалған болуы ықтимал немесе сізге жасалып қойған Nokia Есепке алу жазбасына кіру қажет болады. Белсендіру үрдісінде сіздің пайдаланушы есіміңіз, электронды пошта мекен-жайы, ұялы нөмір, ұялы құрылғының бірегей сәйкестендіргіші және абонентті сәйкестендіретін ақпарат, Nokia-ға жіберілетін болады және біз оны сіздің Nokia Есепке алу жазбаңызбен біріктіре аламыз. Осындай біріктірілген ақпарат сіздің кепілдемеңізді немесе бағдарламалық қамтамасыздыққа кейбір лицензияларды белсендіру үшін және сізге дербес хабарлар жіберу үшін пайдаланыла алады, мысалы, электронды пошта бойынша хабарларды, мәтіндік және т.б. хабарларды. Оларда Nokia өнімдері мен сервистері туралы ақпарат болуы ықтимал, мысалы, еске түсірулер мен коммерциялық ұсыныстар. Сіз кез келген уақытта осындай хабарларды алудан бас тарта аласыз, мысалы, құрылғыны пайдаланымға енгізгеннен кейін сіз алған ақпаратпен сәйкес немесе құрылғыдағы немесе хабарлардағы нұсқаулықтармен сәйкес, профильді басқарудың қатынауға болатын инструменттері арқылы немесе Nokia қолдау орталығына хабарласу арқылы. Алынған ақпарат, сонымен қатар, жекеленген контентті көрсету үшін де, сонымен қатар, Nokia өнімдері мен сервистерін жақсарту үшін да пайдаланыла алады. Жоғарыда келтірілген ақпарат, сонымен қатар, сіз құрылғының бағдарламалық қамтамасыздығын жаңартқан жағдайларда да пайдаланыла алады.
Біз төменде басқасы келісілмеген жағдайда, үшінші тұлғаларға сіздің дербес деректеріңізді сатпаймыз, жалға бермейміз және басқа да жолдармен жарияламаймыз.
Сіздің келісіміңіз және алмасу қызметімен әлеуметтік сервистер. Егер сіз келісіміңізді берген болсаңыз, біз сіздің дербес деректеріңізді бере аламыз. Кейбір сервистер сізге өзіңіздің дербес деректеріңізді сервистің басқа пайдаланушыларына немесе басқа сервистер мен олардың пайдаланушыларына беруге мүмкіндік береді. Өтінеміз, басқа пайдаланушылар қатынай алуы ықтимал белгілі бір дербес деректер немесе басқа да ақпаратты ашпас бұрын өзіңіздің шешіміңізді жақсылап ойланыңыз.
Nokia компаниясы мен өкілетті жақтас компаниялар. Біз сіздің дербес деректеріңізді осы Саясатта сипатталған мақсаттарда Nokia-ның басқа компанияларына немесе Nokia үшін дербес деректерді өңдеуді жүзеге асыратын өкілетті жақтас компанияларға бере аламыз. Осыған, мысалы, сіздің желі қызметтерін жабдықтаушы арқылы немесе басқа да жолдармен шоттар қою, сіздің сатып алған заттарыңызды жеткізу, қызметтер ұсыну, оның ішінде, клиенттік қызмет көрсету, клиенттік деректерді басқару және талдау, несиені төлей алу қабілетін тексеру, маркетингтік зерттеулер өткізу, маркетингтік қызметті және басқа да ұқсас кампаниялармен басқару кіруі ықтимал. Сіз бізден Nokia өнімін желі қызметтерін жабдықтаушы жоспарымен бірге сатып алған жағдайда, сізге осындай сервисті ұсыну үшін бізге сіздің желі қызметтерін жабдықтаушымен ақпарат алмасу қажет болуы ықтимал.
Біз біздің серіктестерімізбен бірлесе маркетингтік және өзге де келіссөздер жүргізе аламыз, мысалы, сіздің ұялы операторыңызбен. Қайталамалы немесе қажетсіз келіссөздерді болдыртпас үшін және сізге жіберіліп отырған хабарды баптау үшін бізге заңнамамен рұқсат етілген жағдайларда, Nokia жинаған ақпаратты серіктес жинаған ақпаратпен салыстыру қажет болуы мүмкін.
Осындай өкілетті жақтас компаниялардың белгілі бір басқа мақсаттар үшін сіздің дербес деректеріңізді пайдалану құқығы жоқ. Біз олардан осы Саясатпен сәйкес әрекет етуін және сіздің дербес деоректеріңізді қорғау үшін қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдауды талап етеміз.
Дербес деректерді халықаралық жіберу. Біздің өнімдеріміз бен қызметтерімізді ұсыну кезінде әлемнің әр түрлі елдерінде орналасқан ресурстар мен сервистер пайдаланылуы ықтимал. Осы себеп бойынша сіздің дербес деректеріңіз мемлекеттік шекаралар арқылы сіз біздің қызметтерімізді пайдаланатын ел аумағынан тыс жерлерге жіберіле алады, оның ішінде, дербес деректерді қорғау туралы арнайы заңдары жоқ немесе деректерді қорғаудың басқа заңдық нормалары анықталған, мысалы, Америка Құрама Штаттары, Еуропалық экономикалық зонаға (EEA) кірмейтін елдер. Мұндай жағдайларда біз осындай жіберу үшін заңдық негізі бар екендігіне және сіздің дербес деректеріңізге пайдаланылып отырған заңнама талаптарымен сәйкес қажетті қорғаныс қамтамасыз етілгендігіне кепілдеме беру үшін қажетті шаралар қабылдаймыз. Мысалы, біз биліктің қажетті органдары мақұлдаған (қажет болған жағдайда) стандартты келісімдерді пайдалана аламыз, сонымен қатар, ақпараттық қауіпсіздік шараларының басқа да қажетті техникалық және ұйымдастырушылық шараларын орындауды талап ете аламыз.
Міндетті ашу. Орындалуы міндетті заңдар бізден сіздің дербес деректеріңізді белгілі билік органдарына немесе басқа да үшінші тұлғаларға ашуды талап ете алады, мысалы, біз өзіміз немесе біздің атымыздан әрекет ететін жақтас компаниялар қызметтерін жүргізетін елдердегі құқық тәртібі органдары. Біз, сонымен қатар, қолданыстағы заңнаманы орындай отырып, Nokia-ның заңды мүдделерін қорғау үшін сіздің дербес деректеріңізді ашып және басқа да тәсілдермен өңдей аламыз, мысалы, азаматтық немесе қылмыстық сот өндірісі барысында.
Қосылулар мен бірігулер.Егер біз сату, сатып алу, қосылу немесе белгілі бір елде біздің бизнесті басқа да жолдармен қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдасақ, бұл бізден потенциалды немесе нақты сатып алушылар мен олардың кеңесшілеріне дербес деректерді ашуды немесе сатушылар мен олардың кеңесшілерінен дербес деректерді алуды талап етуі ықтимал.
Nokia өнімдері мен қызметтері негізінен жас ерекшеліктеріне шектеу қоймайды. Nokia ата-анасының немесе қамқоршыларының рұқсатынсыз балалар туралы ақпарат жинамайды. Nokia интернет-сервистерді қауіпсіз пайдалану жөніндегі нұсқаулықты біздің веб-сайттарда жариялайды.
Біз бізде бар дербес деректердің нақтылығын қолдау, сонымен қатар, дұрыс емес және қажетсіз дербес деректерді жою үшін орынды шаралар қабылдаймыз.
Nokia-ның кейбір өнімдері мен қызметтері сізге пайдаланушы профилін басқаруға мүмкіндік береді, сондықтан біз олардың дұрыстығына көз жеткізу үшін анда-санда өзіңіздің дербес деректеріңізді қарауларыңызды ұсынамыз. Есте сақтаңыз, белгілі бір өзгертулер орын алған жағдайда сіз бізге ұсынылған дербес деректердің жаңартылуы үшін жауап бересіз.
Біздің өнімдеріміз бен қызметтерімізді жасау және жеткізу кезінде біз жеке өмірдің қорғалуына және қауіпсіздігіне негізгі назарды аударамыз. Біз жеке өмір мен қауіпсіздікті қорғау сұрақтары бойынша белгілі міндеттер анықтадық. Біздің ішкі саясатымыз бен ережелерімізді біз қажетті әрекеттерді таңдай отырып жүзеге асырамыз, оның ішінде, тәуекелділіктерді озық және реактивті басқару, ақпаратты қорғау техникасы, оқыту және бағалар. Біз онлайн-деректердің қауіпсіздігі, физикалық қауіпсіздік, деректерді жоғалту тәуекелділіктері мен деректерді өңдеумен және өңделіп отырған деректердің сипатымен байланысты орын алатын тәуекелділіктерді ескере отырып, басқа да ұқсас тәуекелділіктерге қатысты қажетті шаралар қабылдадық. Біз негізді себептер бойынша дербес деректерге қатынауы қажет өкілетті тұлғаларға ғана ұсына отырып, біздің дербес деректер базасына қатынау мүмкіндігін шектейміз.
Cookies – бұл веб-сервер сіздің компьютеріңізге жіберетін шағын мәтіндік файлдар. Біз Cookies-ті сіздің сайтты пайдалануыңызды жеңілдету және ыңғайлы ету үшін пайдаланамыз. Cookies сессия файлдары сіздің алдыңғы әрекеттеріңізді есте сақтайды, мысалы, сіз сатып алушының виртуалды кәрзеңкесіне салған өнім. Cookies-тің тұрақты файлдары бірнеше сессиялар бойы сіздің баптауларыңызды сақтау үшін пайдаланылады, мысалы, біздің веб-сайттардағы баптамалар персонализациясы. Cookies файлдары мекен-жайды жарнаманы немесе ұсыныстарды көрсету үшін пайдаланыла алады, мысалы, сізге бір жарнаманы бірнеше рет көрсетуді болдыртпас үшін немесе біздің веб-сайттағы сіздің алдыңғы қызметіңізге байланысты,біздің пікіріміз бойынша, сізге қызықты болуы мүмкін жарнаманы ғана көрсету. Сонымен қоса, Cookies жылжыту бойынша біздің науқандардың және жарнамалық науқандардың тиімділігін анықтау үшін, сонымен қатар, біздің өніміміз бен қызметтерімізді жетілдіру үшін пайдаланылады.
Біздің кейбір интернет-сайттарымызда Nokia веб-маяктарды (немесе «пиксельді тегтер») пайдалана алады, бірақ біз оларды нақты пайдаланушылар тұлғасын сәйкестендіру үшін пайдаланбаймыз. Веб-маяктар әдетте, итернет-сайтқа орналастырылатын графикалық суреттер болып табылады және сайтқа кірушілердің санын есептеу үшін және/немесе белгілі Cookies файлдарына қатынау үшін пайдаланылады. Бұл ақпарат біздің қызметтерімізді жетілдіру үшін пайдаланылады. Ереже бойынша, веб-маяктар сіздің браузеріңіз бізге кез-келген стандартты интернет-қосылыс шегінде ұсынатын ақпараттан басқа ешқандай ақпарат жинамайды. Егер сіз Cookies-ті сөндірсеңіз, веб-маяктар сіздің нақты әрекеттеріңізді қадағалай алмайды. Бірақ осыған қарамастан, олар бұрынғыша сіздің ІР-мекен-жайыңыздан болған қатынаулар туралы ақпаратты жинай алады.
Кейбір интернет-сайттарда немесе Nokia қосымшаларында локальды жалпы нысандар пайдаланылуы мүмкін, мысалы, Flash (FlashCookies) локальды жалпы нысандары немесе HTML5 веб-қоймалары. Локальды жалпы нысандар Cookies файлдарымен бірдей мақсаттарда пайдаланылады, бірақ әдетте Cookies браузермен салыстырғанда әртүрлі деректердің үлкен мөлшеріне ие. Мысалы, Flash-та сіз «Flash плеері баптамаларының менеджерін» локальды жалпы нысандарды сақтауды басқару үшін пайдалана аласыз, оның ішінде, тек қана белгілі бір веб-сайттарда локальды жалпы нысандарды сөндіру немесе барлық веб-сайттар үшін локальды жалпы нысандарды сақтауды сөндіру.
Кейбір Nokia веб-сайттары жақтас жарнамалық технологияларды пайдаланады, мысалы, жарнаманы көрсету үшін DoubleClick. DoubleClick сіздің Nokia веб-сайтына немесе жақтас веб-сайттарға кіруіңіз туралы ақпаратты жинау үшін Cookies файлдарын пайдаланады. Аталмыш ақпарат Nokia веб-сайттарында немесе жақтас сайттарда жарнама көрсету үшін пайдаланылатын болады. Жиналған ақпарат тұлғаны тікелей сәйкестендірмейді, ал DoubleClick осы ақпаратты үшінші тұлғалар арасына таратпайды. Сіз кез-келген уақытта DoubleClick-ті сөндірудің cookie-файлын пайдалана отырып немесе сөндіру үшін cookie-файлды орнату үшін http://networkadvertising.org/ сілтемесі бойынша өту арқылы сookiesDoubleClick файлдарын қабылдаудан бас тарта аласыз. Браузерлердің басым көпшілігі Cookies файлдарын пайдаланушы сөндіруге немесе рұқсат беруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сіз егер сіздің браузеріңіз мүмкіндік берсе, өзіңіздің компьютеріңіздегі Cookies файлдарын жоя аласыз. Егер сіз Cookies-ті сөндірсеңіз, сіз, мүмкін, біздің сервистеріміздің белгілі бөлімдерін пайдалана алмайсыз және сізге сөндіруге арналған cookie-файлын қайта орнату қажет болады.
Сіздің бізде сіз туралы қандай дербес деректер бар екендігін білу құқығыңыз бар. Сіздің кез келген толық емес, нақты емес, қажетсіз немесе ескірген дербес деректеріңізді жою немесе жаңарту құқығыңыз бар. Сіздің тікелей маркетинг немесе нарық зерттеулерін өткізу мақсаттары үшін сіздің дербес деректеріңізді біздің өңдеуімізді тоқтатуымызды талап ету құқығыңыз бар. Осыған қарамастан, егер сіз Nokia-дан маркетингтік материалдарды немесе басқа да хабарларды алудан бас тарсаңыз, біздің сізге біздің өнімдеріміз және сервистеріміз туралы маңызды хабарламалар жіберуге және осы мақсаттар үшін сізбен хабарласу құқығымыз бар.
Сіз төменде келтірілген мекен-жай бойынша хабарласу арқылы өзіңіздің құқықтарыңызды жүзеге асыра аласыз. Кейбір жағдайларда (әсіресе егер сіз өзіңіздің дербес деректеріңізді жойғыңыз келсе немесе оларды өңдеуді тоқтатқыңыз келсе) бұл біздің сізге осыдан былай қызмет көрсете алмайтынымызды білдіруі мүмкін. Сіздің сұрауларыңызды орындау үшін Nokia-ға сіздің тұлғаңызды анықтау және қосымша ақпарат сұрау қажет етілуі мүмкін екендігіне назар аударыңыз. Сонымен қоса, қолданылатын заңнама сіздің құқықтарыңызға қатысты шектеулер мен басқа да шарттар анықтай алатындығына назар аударыңыз.
Жоғарыда көрсетілген мақсаттар үшін біз сізге профильді басқарудың қол жетімді инструменттерін пайдалануды ұсынамыз, мысалы, Nokia-ның есепке алу жазбасын, себебі осындай инструменттер сізге өзіңіздің дербес деректеріңізге тікелей қатынау мүмкіндігін ұсынады және оларды тиімді басқаруға мүмкіндік береді.
Сіздің дербес деректеріңіздің әкімгері ретінде NokiaCorporationofKeilalahdentie 4, 02150 Espoo, Finland әрекет етеді.
Сонымен қоса, дербес деректер әкімгерінің қызметтерін сізге өнім мен қызметтер ұсынатын Nokia аффилирленген компаниясы орындай алады. Нақты әкімгерді орнату немесе онымен байланысуға арналған ақпарат алу үшін, осындай өнімді немесе қызметті ұсыну шарттарымен таныса аласыз немесе Nokia-ның қажетті интернет-сайттарында келтірілген, байланысқа арналған ақпаратты пайдалана аласыз.
Жеке өмірді қорғауға қатысты Nokia тәжірибесіне қатысты сұрақтар бойынша сіз, сонымен қатар, келесі мекен-жай бойынша байланыса аласыз:
Nokia Corporation
c/o Privacy
Keilalahdentie 4
02150 Espoo
Finland
«Қауіпсіз айлақ» принципі негізіндегі Интернеттегі құпия ақпаратты қорғау туралы АҚШ бағдарламасы.
NokiaInc., 102 CorporateParkDrive, WhitePlains, NY 10604 USA Еуропалық одақ және Швейцариядан АҚШ-қа деректерді жіберу үшін АҚШ-тың Сауда министрлігі анықтаған, хабарламалар, деректерді таңдау, жіберу, деректердің қауіпсіздігі, амандығы, қатынау және жүзеге асыруға қатысты, «қауіпсіз айлақ» принципі негізіндегі Интернеттегі ақпараттың құпиялылығын қорғау ережелерін ұстанады, сонымен қатар, АҚШ министрлігі жанындағы «Қауіпсіз айлақ» бағдарламасында тіркелген. Егер сізде Nokia-ның «қауіпсіз айлақ» принципі негізіндегі Интернеттегі ақпараттың қауіпсіздігін қорғау туралы бағдарламаға қатысуымен байланысты белгілі бір сұрақтар немесе қауіптер пайда болса, өтінеміз, бізбен хабарласыңыз:
Nokia Inc.,
102 Corporate Park Drive,
White Plains, NY 10604 USA.
Attention: Legal Director, North America.
Егер сіз NokiaInc. деректерді қорғау жөніндегі сізді толғандыратын сұрақтарға жеткілікті дәрежеде назар аудармайды деп есептесеңіз, сіз деректерді қорғау жөніндегі Еуропалық одак Комиссиясымен байланыса аласыз: DataProtectionPanelSecretariat, RuedeLuxembourg 46 (01/126) B-1000 Brussels, BELGIUM немесе http://circa.europa.eu/Public/irc/secureida/safeharbor/home сайтына кіре аласыз.
Nokia анда-санда аталмыш Саясатты өзгерте алады немесе хабарлама жібере отырып немесе хабарламасыз, кез келген уақытта осы интернет-сайтқа қатынау мүмкіндігін өзгертіп, модификациялап немесе жаба алады. Осыған қарамастан, осы Саясатқа маңызды жағымсыз өзгертулер енгізілген жағдайда Nokia осы құжаттың басына және интернет-сайттың басты бетіне 30 күнге осындай өзгертулер туралы хабарлама орналастырады. Біз осындай өзгертулер туралы ақпарат алу үшін осы Саясатты анда-санда қарап отыруды ұсынамыз.